Ресейдегі парламенттік сайлау: «Единая Россия» жеңіске жеткенін жариялады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейдегі парламенттік сайлау: «Единая Россия» жеңіске жеткенін жариялады

20.09.2021

Ресейде үш күнге созылған парламенттік сайлау аяқталды. Бюллетендердің 70 пайызы саналып болғаннан кейінгі қорытындыға

жүгінсек, биліктегі «Единая Россия» партиясы 48,46 пайыз дауыс жинап жеңіске жеткен. Мұны елдің Орталық сайлау комиссиясы Элла Панфилова Мәскеуде өткен баспасөз маслихатында жариялады. Оның мәлімдеуінше, екінші орынды – коммунистер, үшіншіні - либерал-демократтар, төртіншіні -«Справедливая Россия» иеленген. Кейбір болжамдарға қарағанда, бұрын да парламентте болған бұл төрттікке тағы «Новые люди» деген тағы партия қосылуы мүмкін.

Сайлауға электораттың 45 пайызы қатысқан. Дегенмен, Якутия тәрізді аймақтарда жеңіліске ұшыраған «Единая Россия» бәрібір Мемлекеттік думадағы 450 мандаттың басым бөлігін иеленбек.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу