Мас әрі жартылай жалаңаш күйінде қызылшеке болып төбелесіп жатқан екі шенеуніктің ісіне байланысты тексеріс басталды. Дерек көзіне сүйенсек, олардың бірі Шымкент қаласы экология департаментінің басшысы Оразғали Егембердиев, екіншісі оның қол астында жұмыс істейтін қызметкері. Төбелес жеке үйлердің ауласында түнде болған.
Жанжал үстел басында спиртті ішімдік ішіп отырған үш адамның арасында тұтанған. Бейнекөріністен бір-біріне жұдырық ала ұмтылған азаматтарды ажыратуға тағы екі жігіттің жүгіріп келгенін байқауға болады. Жанжал ғимарат сыртына орналастырылған бейнекамераға түсіп қалған. Мемлекеттік қызмет істері агенттігі істің ақ-қарасын зерделеуге кірісті. Сондай-ақ экология министрлігі де осы оқиғаға байланысты қызметтік тексеру жүргізе бастады.
Ғани Қалмаханов