«ДАИШ» тәліптерге шабуыл жасап, 35-тен астам адамды мерт қылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«ДАИШ» тәліптерге шабуыл жасап, 35-тен астам адамды мерт қылды

21.09.2021

«Ислам мемлекеті» қарулы тобы Ауғанстанның шығысындағы Жалалабад қаласында бірнеше рет бомба жарғанын жариялады. Бұл шабуылдардан «Талибанның» 35-тен астам мүшесі қаза тапқан және жараланған.

Өткен айда елді толық басып басып алған тәліптер осы қастандықтан мерт болғандар туралы әзірге түсініктеме берген жоқ. Дегенмен, жергілікті билік өкілдері жарылыстардан 3 адам жараланып, 20-ға жуығы зардап шеккенін хабарлап отыр.

Тәліптер мен «даиштықтар» көп жылдан бері жауласып келеді. Кейбір бақылаушылардың ойынша, «Ислам мемлекеті» дәл қазір «Талибан» билігіне үлкен қауіп төндірмесе де, мұндай бомбалық шабуылдардың соңы ауқымды жанжалдарға ұласып кетуі мүмкін.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу