Қазақстандықтарға той жасауға рұқсат берілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандықтарға той жасауға рұқсат берілді

21.09.2021

Еліміздің 4 өңірінде коронавирустың Eta-штаммы тіркелді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді. Eta «Нигерия» штаммы Павлодар, Маңғыстау, Қарағанды, Нұр-Сұлтан өңірлерінде анықталды. Аталған штамды жұқтыру деректері алғаш өткен жылы желтосқанда Нигерия мен Ұлыбританияда тіркелген болатын.

Дегенмен, қазір елімізде эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді. Бұл туралы Үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен ведомствоаралық комиссияның отырысында айтылды. Соңғы 2 аптада індет жұқтыру мен өлім-жітім деңгейі 60%-ға төмендеген. Осыған орай, 27 қыркүйектен «Ashyq» жүйесі бойынша бекітілген ережелерді сақтай отырып, отбасылық шараларды, конференция, форум, көрме, марафон, спорттық жаттығулар мен ойын клубтарының қызметін ұйымдастыруға рұқсат етілді. 16 елмен әуе қатынасы жанданады. Әрі 30 мемлекетпен елімізге кіру үшін визасыз режим қайта басталады.

Хабарламаларға жазылу