100 нақты қадам Ұлт жоспарының 72-сі іске асырылды. Биыл тағы «Кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыру» мен «Индустрияландыру және экономикалық өсім» бағыттары бойынша 9 бағытты орындау жоспарланған. Бұл туралы Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссияның отырысында айтылды. Барлық тірек және серіктес ауылдық елді мекендерді фельдшерлік-акушерлік пункттермен және амбулаториялармен қамтуға, студенттер жатақханаларын салуға, мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектордың деректер базасының интеграцияланған жүйесін құруға қатысты жұмыс барысы талқыланды. Асқар Мамин Ұлт жоспары және Президенттің жолдауын толық және сапалы орындау бойынша белсенді жұмысты жалғастыруды тапсырды.
Нысаналы Ығыл