Маңғыстау облысында «Каспий» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясындағы құйтұрқы әрекеттер әшкере болды. Былтырдан бері мекеме басшылығы қызметкерлерге 6 млн теңгені сыйақы ретінде заңсыз аударған. Қаражат тәртіптік жазасы бар мамандар мен 1 ай ғана жұмыс істеген қызметкерлерге де төленген. Бұдан бөлек жергілікті шаруашылық үшін бюджет қаржысына 300 бас түйенің орнына, 250 бас түйе сатып алған. Тексеруден кейін,жауаптылардан 35 млн тг шығын өндірілді.
Ләйлә Әлиева, «Каспий» ӘКК басқарма төрағасының орынбасары:Барлығы 14 адам заңбұзушылыққа барған. Олардың көпшілігі қазір жұмыстан шығарылды. Енді қаражаттарды «Каспий» ӘКК-нің есеп шотына ерікті түрде қайтару туралы хабарлама бердік. Егер заңбұзушылық жойылмаса, сотқа жүгінетін боламыз.
Аягөз Оралбайқызы