Бес адамды ажал құштырған алматылық Игорь Дужновқа мемлекет адвокат тағайындады. Күдікті қазір тергеу изоляторында отыр. Тергеу соты ол тұтқындалғаннан кейін 72 сағат ішінде онлайн режимде өтеді. Оқиғаның себеп-салдары анықталып жатыр, тергеу құпиясына байланысты ақпарат жарияланбайды, -деді қорғаушы. Сондай-ақ күдіктінің әйелі отбасын үйден шығару туралы шешімге апелляциялық шағым түсірмек болды. Алайда, сот отырысы 5 қазанға шегерілді. Еске салайық, 20 қыркүйек күні Ақбұлақ ықшамауданындағы жер үйді босату туралы қаулыны орындауға барғандарға мүліктің бұрынғы қожайыны оқ атқан. Салдарынан 5 адам қаза тапты.
Нұрхан Нұрланұлы