Дариға Назарбаева жер қойнауын пайдалану саласындағы проблемаларды көтерді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дариға Назарбаева жер қойнауын пайдалану саласындағы проблемаларды көтерді

22.09.2021

Ал Мәжіліс депутаты Дариға Назарбаева болса, Үкімет басшысына сауал жолдап, жер қойнауын пайдалану саласындағы өзекті мәселелерге назар аударуға шақырды. Айтуынша геология саласында ашықтық жоқ. Бітпейтін бюрократия ел экономикасының дамуын тежеп отыр. Өйткені инвестор барлау жұмыстарын жүргізуге рұқсат алу үшін жарты жыл жүгіреді дейді. Бірақ іс мұнымен бітпейді. Кейін үш сатылы мемлекеттік сараптама тағайындалады. Ол бір жарым жылға дейін созылуы мүмкін. Яғни бас-аяғы 2-3 жыл кетеді. Жер қойнауын игеруге лицензияның бұлайша ұзақ берілуі жемқорлыққа әкеледі. Тіпті ел экономикасына қаржы құюға дайын қалталы инвесторлардан айырады дейді депутат.

Дариға Назарбаева, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Халықаралық тәжірибе негізінде жер қойнауын пайдалануға рұқсат алу мерзімін қысқарту қажет. Әрі геологиялық ақпаратты көпшілікке қолжетімді етіп, кен орындарын барлау мен игеруге ашық конкурс өткізу қажет. Сондай-ақ инвесторларға әлемдік нарықта дағдарыс болған жағдайда өз шешімімен кен орнын игеруді кейінге қалдыруға құқық берген жөн.

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу