Қызылорда облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы «жемқорлық жасады» деген күдікке ілінді. Сыбайлас-жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бұған қатысты толық мәлімет бермеді, бірақ жоққа да шығармай отыр. Спорт саласына Жақсылық Оспанов 1 жарым жылдай басшылық еткен. Айта кетейік, тамыз айында мәдениет басқармасының басшысы 1 миллион теңге пара алды деген күдікке ілінген.
Әділбек Серікұлы