Қазақстанда кәсіпкерлер 170 млрд теңге шығынға батқан - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда кәсіпкерлер 170 млрд теңге шығынға батқан

23.09.2021

Қытаймен арадағы шекара жабылған соң Қазақстанда кәсіпкерлер 170 млрд теңге шығынға батқан. «Ақ жол» партиясы депутаттарының айтуынша, қазір «Қорғас-Алтынкөл», «Алашанькоу-Достық» өткелдерінде 5 мыңға жуық тауар контейнері тұралап қалды. Себебі біздің елге теміржол рейстері тоқтап тұр. Бұрын тауар 25 күнде тасымалданған. Қазір қашан кіретіні де белгісіз. Сонымен бірге Қытайдан Қазақстанға дейін теміржол бағасы бір жылда 4-5 есе өскен. Ал көлікпен тасымалдау құны қазір 5-6 есе қымбат. Алайда депутаттардың айтуынша, Қытаймен Қазақстан арқылы Еуропаға транзит ашық. Оның үстіне Қытайдан Еуропаға теміржол арқылы жүк тасымалы артқан.

Ақерке Бектас

Хабарламаларға жазылу