Енді әуежайда цифрлық құжат қолдануға болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Енді әуежайда цифрлық құжат қолдануға болады

23.09.2021

Енді аэропортта жеке мәліметіңізді растау үшін электрондық куәлікті көрсету жеткілікті. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтөбе, Түркістан және Шымкент қаласындағы әуежайда цифрлық құжат қолдануға болатынын хабарлады. Пилоттық тәртіпте іске қосылған қызметті тұрғындар Egov Mobile қосымшасы арқылы пайдалана алады.

Ақерке Бектас

Хабарламаларға жазылу