Қазақстаннан Түркияға алғаш рет ірі көлемде жасымық экспортталып жатыр. Келісімшартқа сай 15 мың тонна тауардың алғашқы 3 мың тоннасы Ақмола облысынан жөнелтілді. Бұған дейін жекелеген компаниялар астықты шетелге саудалап келген. Бірақ азын-аулақ мөлшерде. Биыл аймақта 15 мың гектарға жасымық егіліп, 10 мың тоннадай дақыл жиналмақ. Тапсырысты орындау мақсатында, өзге де өңірлерден өнім алынады. Жыл соңына дейін барлығы 600 контейнер Түркияға жіберіледі.
Ермек Елберген