Павлодар облысының Ақсу қаласында қарттар үйінен өрт шықты. Бесінші қабаттағы бөлмеде төсек-орын жанып, орталық ішін көк түтін басқан. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер 60 адамды эвакуациялады. Зардап шеккен ер адам ауруханаға жеткізілді. Өрт темекі тұқылынан шыққан болуы мүмкін деген болжам бар.
Болат Аманбаев