Жамбыл облысында жалған вакцина паспортын 15 мың теңгеге сатқан. Аса ауылының емханасында екпе құжатын ақшаға саудалап жатқаны туралы қаржылық мониторинг агенттігіне шағым түскен. Тексеру барысында індетке қарсы екпені салдырмай -ақ паспортты 15 мың теңгеге бергені анықталды. Қазір осы іске қатысы бар тұлғалар анықталып жатыр. Бұдан бөлек, қаржылық мониторинг агенттігі республика бойынша вакцина паспорттарын қолдан жасаудың 30 дерегін анықтаған.