Қазақстан Бельгиямен бала құқықтарын қорғау саласында тәжірибе алмасуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан Бельгиямен бала құқықтарын қорғау саласында тәжірибе алмасуда

24.09.2021

 Еліміздің бала құқықтары жөніндегі уәкілі Аружан Саин Бельгияның үкіметтік және жергілікті аймақтардағы балалар құқы жөніндегі комиссия төрағасымен және уәкілімен кездесіп, осы салада екіжақты ынтымақты арттыру жайын талқылады. Сондай-ақ, қазақстандық омбудсмен корольдіктің бала мен отбасын дамыту мекемесінің, тірек-қимыл қозғалысы бұзылғандарға арналған институт жұмысымен танысты. Мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алуы, емделуі, қоғамға бейімделуіне бағытталған бельгиялық бағдарламаларға қанықты.

Мари-Жюли Бэкен, бала мен отбасыны дамыту институтының бас директоры:
Біз үшін өзге мемлекеттердің тәжірибесін игеріп, қоян қолтық жұмыс істеу өте маңызды. Өйткені, бәріміздің көздейтініміз бір, дені сау ұрпақ тәрбиелеу, көмекке зәру балаларға дер кезінде жәрдем беру, үміт сыйлау. Осы тұрғыда идея алмасып, ортақ жобаларды жүзеге асыру екі жаққа да тиімді.

Нұрсұлу Қасым 

Хабарламаларға жазылу