Елімізде лейкоз ауруы балалар арасында дендеп барады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде лейкоз ауруы балалар арасында дендеп барады

24.09.2021

Елімізде кемік майын алмастыру отасы 150-ші рет сәтті жасалды. «Өткір лейкоз» диагнозы қойылған Солтүстік Қазақстандық жеткіншектің жұлын клеткалары алмастырылды. Елімізде 500-ге жуық бала лейкоз ауруына шалдыққан, - дейді мамандар. Алайда, оның еміне донорлар тапшы.

Лейкоз ауруы балалар арасында кең тараған. Осындай дертке ұшырағандардың бірі - 13 жасар Виолетта. Бүлдіршін дертіне дауа болатын операцияның жасалуын 1 жыл күтті. Өйткені елімізден донор табылуы қиынға соққан.

Светлана Лавринович, Виолеттаның анасы:
Сәтін салғанда бізге керек донор Ресейдің Киров қаласынан табылды.Қызым осы уақыт аралығында қатты қиналды. Бірақ қазір дәрігерлер өмір сүруге мүмкіндігінің зор екенін айтып қуантып отыр.

Лейкоз - «ақ қан» ауруы. Қан жасушалары мен сүйек кемігін зақымдайды. Медицинада аурудың нақты себебі әлі анықталмаған. Бірақ, операция арқылы науқастың жағдайын жақсартып, өмірін сақтап қалуға болады, - дейді дәрігерлер.

Қазақстанда мұндай күрделі операциялар Алматы мен Нұр-Сұлтанда жасалады. Жағдай толыққанды жасалған. Тек азаматтардың донарлықтан бас тартуы өзекті мәселе болып тұр.

Майра Боранбайқызы, ҚР ДСМ Азаматтарды шетелге емделуге жолдау бойынша жұмыс органының басшысы:
Елімізде жыл сайын 25-тен астам науқастар осы туыстық емес оллагенді тін жасушасын ауыстыру үшін шетелге асып кетіп жатыр. Әлбетте бұл медициналық көмектің түрін елімізде де алуға болар еді, алайда бүгінгі таңда донорлар ұлттық регистрінде 7500 мыңнан астам ғана донорлар тіркелген.

Виолетта қазір дәрігерлердің бақылауында. Операция сәтті жасалды. Бірақ бұл ем іздеген жүздеген бүлдіршіндердің біреуі ғана. Елімізде ақ қан ауруына шалдыққан балалардың саны жыл санап артып келе жатқаны қынжылтады.

Ақмаржан Ғафизқызы 

Хабарламаларға жазылу