Ресейде Эльбрус тауына шығу кезінде 5 альпинист қаза тапты. Тағы 14 адам құтқарылған. Олардың басым бөлігі ауруханаға жеткізілді. Тау шатқалында кенеттен боран басталып, соңы осындай қайғылы жағдайға соқтырған. Қар құрсауында қалғандарды іздеу операциясы 5400 метр биіктікте жеті сағат бойы жалғасты. Кабардин-Балқар Республикасы төтенше жағдайлар министрлігінің мәлімдеуінше, апат алдында Кавказ шыңында қатты жел соғыпты. Ауа температурасы 20 градусқа дейін төмендеген.
Турды ұйымдастырушы Денис Алимов альпинистердің мұндай жағдайға душар болуына бір адамның құлап, аяғын сындырып алуы себеп болғанын айтады. Сол оқиға салдарынан туристер тобы көп уақыт жоғалтып алған. Яғни дер кезінде жерге оралып үлгермеген.
Арыстан Рысбек