Ал осы кезде ел азаматтары баспананы Түркиядан көптеп алып жатыр. Тіпті қазақстандықтар биыл да осы елден жылжымайтын мүлікті ең көп сатып алатындардың 10-дығына енген. Былтыр Стамбул, Анкара сияқты қалалардан қазақтар бір жылда 1200 пәтер сатып алса, биыл сегіз айдың өзінде осынша баспананы тағы өз аттарына жаздырған. Қазақстандықтардан бөлек, теңіз жағасынан үй алғысы келетіндердің қатарында Палестина, Украина, Иордания, Мысыр және Қытай мен Ұлыбритания азаматтары көп.
Досжан Маратұлы