Мобильді ақша аударымдарын "жеке" және "кәсіпкерлік" мақсатта деп екіге бөлу үшін тиісті заңдарға түзетулер енгізілді. Бұған дейін смартфон арқылы жасалатын аударымдарды реттеу туралы бастамалар көтерілген еді. Енді Қаржы министрі қолданыстағы тетікті сақтай отырып, түрлі төлемдерді қабылдайтын кәсіпкерлік шоттарды енгіземіз деп отыр. Десе де түзетулер қолдау табуы тиіс. Бұл бизнес иелеріне табысын жасырып, салықтан жалтаруға жол бермейді дейді министр. Айтуынша кәсіпкер төлемді тек өзінің бизнес нөмірі арқылы қабылдауы керек. Ал қазіргідей жеке шотына ақша аудартса, айыппұл арқаламақ. Тіпті мұндай құйтұрқылықты анықтайтын арнайы жүйе іске қосылатынын жеткізді.Айтуынша, қазір мобильді аударымдар екі жарым есе өсіп, 36 триллион теңгеге жеткен.
Досжан Маратұлы