Мектептерге жасалып жатқан шабуыл: Білім ошақтарында қауіпсіздік қаншалықты сақталған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мектептерге жасалып жатқан шабуыл: Білім ошақтарында қауіпсіздік қаншалықты сақталған

26.09.2021

Ресейдің Пермінде болған қанқұйлы оқиға –мұздай қаруланған жігіттің Пермь мемлекеттік университетіне кіріп, адамдарға оқ жаудырғаны – бұл да «қандай қорқынышты» деп қоя салатын оқиға емес. Мектептер мен университеттердегі қауіпсіздік туралы сұрақтар қайтадан туды. Әрбір нысанда қарулы жасақ ұстай алмайсың.

Бірақ күзеттің өзі қандай? Есік аузында кімдер отыр? Екінші жағынан, жан дүниесі күйзеліп жүрген немесе дүние тануында ақтаңдақтар дейміз бе, қараңғылық тұмшалаған дейміз бе, әйтеуір іші қайшылыққа толы балаларды байқап, құшаққа алу жоққа тән екенін жоққа шығармайық. Оған балалар арасында суицидтің деңгейі дәлел.

Мектеп психологтары туралы материал жасағанда бірінші проблема олардың жетпейтіні екенін айттық. Демек мектептегі әрбір ұстаз сезімтал болуы тиіс. Ал жалпы, бала ата-ананыкі. Мұғалімдердің, мектептің, қоршаған ортаның ролі үлкен, әрине. Дегенмен баланың саналы адам болуына жауапты бірінші кезекте ата-ана. Оңғар Алпысбайұылы тарқатады.


Хабарламаларға жазылу