Қазақстандық музыкант әлемдік додада жеңіске жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандық музыкант әлемдік додада жеңіске жетті

27.09.2021

Қазақстандық музыкант Англияның Лидс қаласында өткен халықаралық байқауда жеңімпаз атанды. 23 жасар пианист Әлім Бейсембаев халықаралық өнер додасында әлемге танымал музыкант Фанни Уотерман атындағы алтын медальді қанжығалады.

Төс белгіден бөлек жеңімпаз 25 мың стерлинг фунты, яғни 15 миллион теңге көлеміндегі ақшалай сыйлыққа ие болды және Warner Classics дыбыс жазу компаниясымен келісім-шартқа отырды. Еуропа бойынша турне ұйымдастырылуына да көмек беріледі. Әлім қазір Лондондағы Корольдік музыкалық колледжде магистратурада оқиды. 12 жасынан бастап, Англиядағы музыка мектебінде және Музыканың Корольдік академиясында тегін білім алған.

Әлім Бейсембаев, байқау жеңімпазы:

Әке-шешемнің ешқайсысы музыкант емес. Отбасымызда өмірін өнермен байланыстырған жалғыз мен ғана. Ол кісілердің айтуынша, бала күнімде дүкенге барып, шағын ойыншық пианино таңдап алыппын. Содан бері фортепиано менің өмірлік серігіме айналды.


Хабарламаларға жазылу