Ақтауда тұрғын үй кешендерінің бірінде жедел саты құлап, тұрғындар мертіге жаздады.
Тұрғындар жеделсатыға 6-шы қабаттан мінген. 500 келілік жеделсаты 10 шақты адамды көтере алмаған дейді құрылыс компаниясының өкілдері. Лифт төмен қарай құлдилап, апатты жағдайда тоқтаған. Абырой болғанда ешкім зардап шеккен жоқ. Айта кететін жәйт, тұрғын үй кешенІ қолданысқа берілмеген. Бірақ, жұрт қоныстанған. Құжаты жоқ үйдің жеделсатылары да құзырлы мекемеге тіркелмеген болып шықты.