Хэнань провинциясында су тасып, мыңдаған адам көшірілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Хэнань провинциясында су тасып, мыңдаған адам көшірілді

27.09.2021

Қытайдың орталығындағы Хэнань провинциясында нөсер жаңбырдың соңы алапат тасқынға ұласып, 4 мыңнан астам тұрғын эвакуацияланды.

Топан судан жолдар өзенге айналып, электр және байланыс жүйелері істен шыққан. Жалпы алғанда, табиғи апаттан 300 мыңға жуық адам зардап шекті. Біреуі қаза тапқан және екі тұрғын із-түзсіз жоғалып кетті. Жергілікті билік өкілдері қауіпке душар болғандарды әкімшілік орталықтарына, мектептерге және қонақ үйлерге орналастырып жатыр.

Тропикалық дауылдан жүздеген үйге зақым келді. Ал, Вьетнамның орталық бөлігінде Дианму тропикалық дауылының соңы алапат тасқынға ұласты. Табиғи апаттан 600-дей үйге зақым келді. 2500 гектарға жуық егістік алқаптарын су шайған. Билік тайфуннан жапа шеккен тұрғындарға көмек ретінде азық-түлік пен тұрмысқа қажетті бұйымдарды жөнелтті. 


Хабарламаларға жазылу