Нью-Йорк госпитальдері вакцина алмаған мыңдаған медициналық қызметкерді жұмыстан босатуға әзірленіп жатыр. Сондықтан, алдағы апталарда дәрігер тапшылығы сезілуі мүмкін. Ақ халаттыларға қыркүйектің 27-не дейін екпенің кемінде 1 дозасын алу міндеттелген еді. Алайда, қаладағы 450 мыңдай денсаулық сақтау маманының 16 пайызы ғана толық иммундалған. Ал, 11 госпитальде 43 мыңдай қызметкер вакцинаның бірінші компонентін де салдырмапты. Жұмыстан кетсе, олардың орнына өзге штаттар мен Ұлттық гвардиядан медиктер тартылуы мүмкін.