Электр қуатының тапшылығы Қытайдың Ляонин, Гирин, Хэйлун-цзян провинцияларында сезіле бастады. Сауда үйлері уақытынан ерте жабылып, ал өндіріс орталықтарында электр қуатын тұтынуға шектеу қойылған. Осыған байланысты көптеген зауыттар, cоның ішінде Tesla және Apple компанияларына арнап, құрамдас бөліктер шығаратын кәсіпорындар да жұмысын тоқтатты.
Ассоушиейтид пресс агенттігінің мәліметінше, соның салдарынан Жаңа жыл қарсаңында әлемдік тұтынушылар смартфондар мен басқа да Қытай тауарларларынан қол үзіп қалуы мүмкін. Мамандардың пікірінше, Қытайдағы энергетикалық дағдарысқа көмірдің жетіспеуі себеп.
Арай Төлегенқызы