Солтүстік Кореяда гипердыбысты зымыран алғаш рет сынақтан өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Солтүстік Кореяда гипердыбысты зымыран алғаш рет сынақтан өтті

29.09.2021

Солтүстік Корея алғаш рет гипердыбысты зымыранды сынақтан өткізді.

Ел билігі бұл тәжірибенің сәтті аяқталғанын мәлімдеп отыр. Ракета елдің шығыс жағалауынан теңізге қарай жіберілген. Дегенмен, Ким Чен Ынның өзі сынақ кезінде көзге түскен жоқ. Мұның алдында Пхеньян дипломатиялық келіссөз өткізу үшін Вашингтон мен Сеулді қару-жарақ бағдарламасына қатысты қос стандарттан бас тартуға үндеді.

Солтүстік Кореяның мемлекеттік ақпараттық Орталық телеграф агенттігінің хабарлауынша, гипердыбысты зымыран - стратегиялық қару түрі және де ол елдің қорғаныс қабілетін арттырады. Айта кетері - бұл ракета әдеттегіден әлдеқайда жылдам, әрі оны атып түсіру едәуір қиын екен.

Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу