Есесіне азық-түлік бағасын негізсіз көтеріп жатқандар бар. Қазір әкімдіктер әлеуметтік тауар құнын шекті мөлшерден асырғандарға айыппұл салып жатыр. Әрі бірнеше ірі супермаркеттерге бағаны түсіру туралы ескерту жолданды. Оны елемесе, айыппұл арқалайды. Ауыл шаруашылығы министрлігі де қымбатшылықтың алдын алып жатырмыз дейді. Айтуларынша алдағы жылы биылғыдай, картоп, сәбіз секілді көкөністердің бағасы көтерілмейді. Тұрақтандыру қорларын толтырып, өнімнің қажетті көлемін жинау үшін барлық жағдай жасалады деп отыр.
Досжан Маратұлы