Ұлыбритания билігі елдегі жанар-жағар май тапшылығын шешу үшін Еуроодақтан жүк көлігінің жүргізушілерін алдыртпақ. Бұдан бөлек әскери борышын өтеп жүрген британиялық жауынгерлерді де көлік рөліне отырғызып, сұйық отын тасыту көзделіп отыр. Қазір бізбен байланысқа Лондондағы тілшіміз Марина Бекенова шыққалы тұр. Марина, биліктің бұл әрекеті дағдарыстан құтқарады ма?
Марина Бекенова, тілші:
Ия, мәселені жедел түрде шешу үшін үкіметтегілер уақытша визамен Еуропадан 5000 жүргізуші шақыруға келісім беріп отыр. Оның өзінде 2-3 айға ғана. Өйткені шетелдік жұмыс күшіне тәуелді болғымыз келмейді дейді олар. Оған қоса жүк көлігін тізгіндеуге 150-ге жуық әскериді алдырмқ. Бірақ, бұл да жетпейді. Себебі, сұйық отын таситын көліктерді айдауға 100 мыңдай жүргізуші керек. Бүгінде елдегі бекеттердің тең жартысынан астамында бензин әлі жоқ.
Майкл, көлік жүргізушісі:
Көптеген бекеттер жұмыс істеп тұр, бірақ кезекте 1 сағаттай тұру керек болады. Кезегіңіз жетем дегенше бензин таусылып қалуы мүмкін. Жағдай қиын болып тұр.
Бір қарағанда кейбір бекеттерде кезек азайғандай. Бірақ бұл алдамшы көрініс дейді сұйық отын тасушы компания басшылары. Өйткені бәктерін толтырып алған жүргізушілердің бензині таусылған соң, жағдай қайта күрделенеді, дейді олар. Еске салайын, елдегі сұйық отын дағдарысына мұндағылар негізінен Брексит кінәләйді. Ұлыбритания Еуроодақ құрамынан шыққаннан кейін жанар-жағар май таситын шетелдік жүргізушілерді елге кіргізбей қойған болатын.