Геологиялық барлау жұмыстары жаңа деңгейге көтерілмек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Геологиялық барлау жұмыстары жаңа деңгейге көтерілмек

27.11.2017

Канадалық компаниямен «Қазгеология» арасындағы өзара әріптестіктің арқасында елімізде геологиялық зерттеудің жаңа тәсілі қолға алынды. Жер қыртысының 800 метр тереңдігінде жатқан кенді руданы анықтауға мүмкіндік беретін AirTEM жүйесі қазір әлемде қолданыла бастаған бірегей техника. Тікұшаққа бекітіліп, әуеден барлау жасайтын, заманауи геологиялық құрылғы өз тиімділігін дәлелдеген. Ендігі кезекте Қазақстанда оның жұмыс істеу тәсілін отандық мамандар бақылап көрді. Степногорск қаласы маңында әуеден бақылау жүргізген геологтар техниканы жоғары бағалап отыр. «Егер жүйе енгізілітін болса, кен орындарын ашу және инвестициялық тартымдылық жоғарылай түседі», - дейді мамандар.        

Ғалым Нұржанов, «Қазгеология» АҚ төрағасы:

- Егер біздің аумақта кен орнына тән геофизикалық құрылыстар болып жатса, оны Үкіметке өткіземіз. Үкімет болашақта Инвестициялар және даму министрлігі арқылы аукционға қоя алады немесе басқа бір тікелей келіссөздер арқылы инвесторларға беріле алады.

 

Елдос САПАРҒАЛИ

Хабарламаларға жазылу