Локдаун ұзақтығы бойынша Мельбурн әлемде бірінші орынға шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Локдаун ұзақтығы бойынша Мельбурн әлемде бірінші орынға шықты

04.10.2021

Австралияның Мельбурн қаласы локдаун мерзімінің ұзақтығы бойынша әлемде бірінші орынға шықты. Бұл мегаполис осылайша Аргентина астанасы Буэнос-Айресті басып озған. Мельбурн тұрғындары бүгінді қоса алғанда 246 күн бойы қатаң шектеулер режимінде өмір сүріп жатыр. Ал, Буэнос-Айрестегі карантин 244 күннен аспаған. Айта кетері - Австралия үкіметі халықтың 80 пайызы вакцина алғанда коронавирусқа қатысты шектеулерді алып тастамақ. Бұл межеге қарашаның ортасында қол жеткізілуі мүмкін.


Хабарламаларға жазылу