Ақмола облысында жоғалып кеткен 4 адам табылды. Адасып кеткен Бурабай ауданының 54 жасар тұрғынын полиция қызметкерлері Жасыл және Шиелі ауылдарының арасындағы орманда тауып алған. Ал Көкшетауда ата-анасын ескертпей кетіп қалған 14 жастағы қызды тәртіп сақшылары жолдан кезіктірді. Отбасы мүшелерімен түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, Зеренді ауданында іздеу салынған 34 жасар әйел мен оның 4 жастағы баласының да қайда екені анықталды. Жалпы облыс бойынша биыл 70 адам жоғалып, 63-і табылған.
Ермек Елберген