Қарағандыда тұрғындар жаңа баспананың сапасына наразы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағандыда тұрғындар жаңа баспананың сапасына наразы

05.10.2021

Қарағандыда осыдан 9 жыл бұрын құлаған «Бесоба» кешенінің орнына салынған үйдің сапасына тұрғындардың көңілі толмайды. Олар бір жыл бұрын ғана тапсырылған пәтерлердің талай кем-кетігі шықты ,- деп ашынады.

«Бесоба» кешенінің орнына «Шапағат» атауы қойылып, салынған үйдің шапағатын көрмедік,-дейді Светлана Сәрсенбаева. Себебі қабырғасы жарық, есік-терезесі аңғал-саңғал, жеделсатысы жүрмейді. Қысқасы кілең арзанқол құрылыс материалдарымен салынған,-деп ашынады жұрт.

Светлана Сәрсенбаева, Шапағат кешенінің тұрғыны:
Үйімнің ішінде үлкен жарық тұр қабырғада. Жарылған қабырға. Сосын балконда үлкен щельдер тұр. Уілдеп жатқанда қасқырдың ұлып жатқан дыбысын естисің даладағы. Крандар былқ - сылқ етіп тұр. Пол бетон, қалай қиқы - жиқы салынған, жүрсең аяғына батады.

Мұнда жүзден астам тұрғын бар. Әр отбасы жылдар бойы несие төлеп, пәтерлерді маңдай терімен сатып алды. Одан бөлек 41 пәтерді "Шұбаркөл" компаниясы өз қызметкерлеріне алмақ болған. Жұрт тұрғын үйдегі кемшіліктерді тексерсін деп мемлекеттік аудитке де шағымданыпты. Алайда берілген жауап тұрғындарды тіпті ашындырған. Нысанның жобалық сметалық құжаты жоғалып кеткендіктен, тексеріс жүргізілмейді делінген. Ал жергілікті билік сапасыз құрылыс үшін мердігерді сотқа берген.

Мұрат Қамалиев, қалалық құрылыс бөлімінің басшысы:
Мен мына үйді салған кезде онда қатысқан жоқпын. Мердігерге осы бар қателіктерді жіберілген дұрыстатамыз. Ол кісіге әлі берілмеген ақшалары бар ғой Шұбаркөлден. Ол кісі төлем алған жоқ, сол төлемді алғанда істеткіземіз. Енді ол төлемді күтпей ол өзі ақшасына істеу керек. Жаңағы соттың шешімі бойынша.

Руслан Нұрланұлы

Хабарламаларға жазылу