Сербияда коронавирус өршіп, ауруханалар науқастарға лық толды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сербияда коронавирус өршіп, ауруханалар науқастарға лық толды

05.10.2021

Сербия ауруханалары коронавирусқа шалдыққан науқастарға лық толды. Елде инфекцияның төртінші толқыны жүріп жатыр. Осы орайда ауруханаларға, дәрігерлерге ауыр салмақ түсіп отыр.

Ақ халаттылар ковидтің тарауы тоқтамаса, апатты жағдайға жетуден қауіптенеді. Індеттің өршуіне сербиялықтар арасында вакцина салу қарқынының баяулауы себепші. Тұрғындардың жартысынан көбі коронавирусқа қарсы егілуден бас тартып отыр.

Айта кетері - Сербия азаматтарына Файзер, АстраЗенека, Синофарм және Спутник Ви тәрізді төрт вакцина қолжетімді. Жақында республикаға Модерна екпесі да әкелінбек.

Жалпы пандемия басталғалы 8,5 млн тұрғыны бар елде ковидті 966 мыңнан астам адам жұқтырып, онымен байланысты 8 жарым мыңға жуық өлім-жітім тіркелген. 

 Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу