Өткен демалыс күндерінен соң Қазақстанда вирустық белгілері бар пневмониямен ауырғандар саны 13 есеге артып кеткен. Бұл туралы coronavirus2020.kz сайты хабар таратты. Ал өткен тәулікте 1828 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды. Бүгін Елордада денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың қатысуымен брифинг өтеді деп жоспарланған. Онда елдегі санитарлық эпидемиологиялық ахуал жайы айтылады.