Оңтүстік Кореяда жүкті әйелдерге коронавирусқа қарсы вакцина салынбақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оңтүстік Кореяда жүкті әйелдерге коронавирусқа қарсы вакцина салынбақ

06.10.2021

Оңтүстік Кореяда жүкті әйелдерге коронавирусқа қарсы вакцина салынатын болды. Қазанның 18-де болашақ аналар Файзер немесе Модерна екпелерін ала бастайды. Кореяның ауруларды бақылау және алдын алу агенттігінің мәліметінше, бұл вакциналар аяғы ауыр әйелдердің денсаулығына қауіпсіз. Ел билігі осы айдың соңына дейін оңтүстіккореялықтардың 80 пайызын толықтай иммундауды жоспарлап отыр. Ал, келесі аптада жасы 75-тен асқандарға үшінші доза егіледі. Бұған қоса, үкімет қарашадан бастап 12-17 жас аралығындағы балаларды да вакциналауды жоспарлап отыр. 

Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу