Жиында коронавирустың жаһанға тигізген кері әсерімен күрес жолдары және барлық мүдделі тараптардың күшін біріктіру, сондай-ақ адам құқықтарын қорғау және дамыту тақырыптары қозғалды. Оған адам құқықтары жөніндегі Еуропалық Одақтың арнаулы өкілі мен Орталық Азия сарапшылары қатысты. Сондай ақ, жиында Президенттің халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілі Ержан Қазыхан, Парламент депутаттары және үкіметтік емес ұйым өкілдері болды.
Үш тақырыптық сессия аясында әлеуметтік интеграция арқылы тұрақтылықты арттыру, әйелдер мен жастардың әл-ауқатын көтеру, зорлық-зомбылыққа жол бермеу және ынтымақтастық-экологиялық проблемалар көтерілді. Ал ел сарапшылары әр саладағы өзекті сұрақтарды ортаға салды. Енді алдағы уақытта Еуропалық одақ айтылған проблемаларды бірігіп оңтайлы шешудің жолдарын қарастырмақ.
Нұрхан Нұрланұлы