«Смарт сити» жобасын еліміздің өзге қалаларында енгізу қажет. «Ақылды» қалалар концепциясының дамуымен қатар, ауылдық жерлердің өркендеуіне назар аудару керек. Сарапшы Слямжар Ахметжаровтың пікірі осыған саяды. Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының ғылыми қызметкері ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы қалалық қызмет көрсету түрлерінің сапасын арттыру жайын тілге тиек етті.
Слямжар Ахметжаров, ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ ғылыми қызметкері:
- Қазіргі таңда әлемнің 2,5 мыңнан астам ірі және кіші қалалары «Смарт сити» концепциясын, әр түрлі компоненттерін белсенді түрде енгізуде. «Ақылды» қалалар концепциясы «Цифрлық Қазақстан-2020» мемлекеттік бағдарламасының бір бөлігі болып табылады. Үкімет «Смарт Сити» жобасын Астана, Алматы, Қарағанды, Шымкент, Ақтөбе сияқты ірі қалаларда біртіндеп енгізуді жүзеге асыруда.
Елдос САПАРҒАЛИ