Жаңа мектептер салуға бөлінген "мемлекеттік бюджеттің қаражаты" дұрыс жоспарланбай отыр. Мәжіліс депутаты Жұлдыз Сүлейменова осылай деп алаңдаушылық білдірді. Оның айтуынша, білім ордаларының құрылысына кедергі болатын басты себеп - қаржының жетіспеуі. Президент жолдауында жаңа мектептер санын 800-ден 1000-ға дейін арттыру тапсырылғаны белгілі. Алайда бөлінген ақша аймақтарға дер кезінде жетпей жатыр. Осының салдарынан бүгінде 13 мектептің құрылысы мерзімінен кеш аяқөталуы мүмкін. Ал жергілікті билік нысан құрылысы үшін қосымша қаражат іздеуге мәжбүр. Сол себепті депутат келесі жылдан бастап мектептердің құрылысына 9 айлық есептік көрсеткіш базалық тарифін қолдануды ұсынды.
Жұлдыз Сүлейменова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:Мәселен, келесі жылға 200 мектептің құрылысына бөлінген қаражат 104 миллиард теңге. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 44 млрд аз. Тек құрылыс материалдары бағасының 30%-ға өскенін ескерсек, кем дегенде тағы 50 миллиард керек.
Саламат Омаш