Биыл 8-11 наурыз аралығында Сингапур қаласында өтетін «Shell Eco Marathon-2018» халықаралық жарысына Орталық Азия елдерінен біздің студенттер алғаш рет қатыспақшы. Бүгін Алматыда олар iSU Prototype 1.0 автомобилін көпшілікке таныстырды.
Талантты жастар құрастырған болидтің салмағы - 60 келі. «Дюралюминийден жасалған көлік өте төзімді және жеңіл», - дейді өнертапқыштар. «SU Racing Team» команда мүшелерінің сөзінше, марафонға арналған болид қоршаған ортаға зиянын тигізбейді. Себебі, машина бензин емес, этанолмен жүреді.
Әлібек Ибраим, «Su Racing Team» командасының капитаны:
5-6 наурызда Сингапурға аттанамыз. Болидті 2-3 күннен кейін жібереміз. Ең басты мақсат - Қазақстанның абыройын өте жоғары деңгейде қорғау.
Руслан ҚОСАНОВ