Ресейде вирустың өршуіне байланысты сақтық шаралары күшейтілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейде вирустың өршуіне байланысты сақтық шаралары күшейтілді

07.10.2021

Ресейде коронавирустың өршуіне байланысты сақтық шаралары қайтадан күшейтіліп жатыр. Бірқатар аймақта QR жүйесі енгізіліп, егде жастағыларды оқшаулау міндеттелді. Өйткені іргелес елде соңғы аптада кесел жұқтыру көрсеткіші 30%-ға артқан, індетке шалдыққан 967 мың науқас дәрігерлердің бақылауында. Көрші ел аумағындағы инфекциялық ауруханалар 90 пайызға толды. Жалпы Ресейде 49 миллионнан астам адам вакцинаның бірінші компонентін салдырды, алайда ол ұжымдық иммунитет қалыптастыру үшін жеткіліксіз.

Анатолий Альтштейн, Гамалея атындағы ғылыми зерттеу орталығының бас ғылыми қызметкері:
Төртінші толқын алдыңғыларына қарағандақауіпті,жаңа штаммдардың түрі ұлғаюда. Әзірге ел билігі локдаун жариялау туралышешімге келгенжоқ, алайда ауру осы қарқынмен күшейе берсе, жариялануы да мүмкін. Бір қателігіміз-азаматтардыңәлі де интернет беттеріндегі фейк ақпараттарға назар аударып, екпеден бастартуы. Ал заң бойынша біз ешкімді күштей алмаймыз.

Индира Бегайдар

Хабарламаларға жазылу