Жыл соңына дейін 2,6 млн адам медициналық көмек алады. Әсіресе бірде-бір медициналық нысаны жоқ елді мекен тұрғындары. Президент жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия отырысында Денсаулық сақтау министрі осылай деп мәлімдеді. Алексей Цой транспорттық медицинаны дамытудың маңызына тоқталды.
Қазір 150-ге жуық жылжымалы медициналық кешен ауылдарды аралап, тұрғындарға дәрігерлік көмек көрсетіп жатыр. Сонымен бірге алдағы уақытта республикалық клиника мамандары азаматтарға онлайн кеңес береді.
Алексей Цой, ҚР Денсаулық сақтау министрі:Медициналық көмектің әр елді мекенде, әр адамға қолжетімді болғаны маңызды. Жылжымалы медициналық кешен барлық жабдықпен қамтылған. Мамандар халықты профилактикалық тексеруден өткізіп, оларға дәрі-дәрмек жеткізіп береді. Алдағы 5 жылда елді мекендердің 100 пайызында медициналық нысан болуы керек.