Токиода жер сілкініп, 32 адам зардап шекті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Токиода жер сілкініп, 32 адам зардап шекті

08.10.2021

Токиодо күші 6,1 балдық жер сілкінісі тіркелді. Зілзала ошағы Токио мен Тиба префектураларының шекарасында болған. Тереңдігі – 80 шақырымдай. Жапония астанасындағы ғимараттардың қабырғалары босап қалды. Көшелерде ескерту жедел жүйесі іске қосылды. Жер сілкінісінен кейін цунами қаупі жоқ, алайда сейсмологтар жердің қайта сілкінуі мүмкін екенін айтты. Оқиғадан кейін Токио ауданындағы жүрдек пойыздардың қозғалысы тоқтатылды. Айта кетейік, 6 шілде күні таңертең Жапонияның солтүстік-шығысында да магнитудасы 5,9 балдық жер сілкінісі болып, үш адам жарақат алған еді. 

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу