АҚШ-тың атомдық сүңгуір қайығы «белгісіз нысанға» соғылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-тың атомдық сүңгуір қайығы «белгісіз нысанға» соғылды

08.10.2021

АҚШ-тың атомдық суасты қайығы Оңтүстік Қытай теңізінде «белгісіз нысанға» соғылды. Соның салдарынан америкалық 15 шақты теңізші жараланған. Оқиға сенбі күні болса да, әлі күнге дейін оның себебі анықталған жоқ. Бір белгілісі - бұл инцидент Қытай әскери ұшақтары Тайванның әуе кеңістігіне қайта-қайта еніп, аймақтағы шиеленіс күшейген шақта орын алып отыр. Бейжің Оңтүстік Қытай теңізінің басым бөлігін өзінікі деп есептейді. Алайда, Құрама Штаттар, Филиппин аралдары, Малайзия, Вьетнам бұл уәжбен ондаған жылдар бойы келіспей келеді.


Хабарламаларға жазылу