Ауғанстан жарықтың ақшасын төлеу үшін экс-шенеуніктердің активтерін сатады. Da Afghanistan Breshna Sherkat энергетикалық корпорациясы биліктен кеткен шенеуніктер мен борышкерлердің мүлкін саудалайды. Түскен қаржы электр энергиясын экспорттаушы елдерге мемлекет қарызын қайтаруға жұмсалады. Компанияның атқарушы директоры Сафиулла Ахмадзайдың айтуынша, уақытша үкімет ұсынысты мақұлдаған соң, мүлікті сату басталады. Ауғанстан электр энергиясы үшін Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан мен Иранға 62 млн доллар қарыз. Компания бұрынғы үкімет биліктен кеткен соң электр энергиясынан түсетін кіріс 70%-ке төмендегенін айтады.
Ақерке Бектас