Браконьерлік – еліміздегі өткір мәселелердің бірі. Заң қатайтылса да, мәселен, киік пен бекіре тұқымдас балықтар, олардың қаны, өті сияқты материалдары деп атайық, заңсыз айналымымен айналысқандарды 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру туралы бап бар, бірақ тоқтам болмай тұр. 2019 жылы үш бір табиғат қорғау инспекторының браконьерлер қолынан қаза тапқаны есте. Мына суретімен жадыңда жаңғыратын Ерлан Нұрғалиевті өлтірген топтың үш мүшесіне жазасын өмір бойы түрмеде өтесін деген сот үкімі де шыққан еді...
Табиғатқа жанашырлықпен қарау мәдениетін қалыптастырудан бастап, қорықшыларды тек жануарлық инстинктімен жүретіндерді құрықтай алатындай, жарамды техникамен қамтамасыз ету, ешкімнің мансабына қарамай жазалау – иә, бұл мәселенің бір жағы. Екінші жағынан, аң аулау мәдениетін қалыптастыру, табиғи тепе-теңдікті барынша өркениетті жолмен сақтау. Себебі не жасыратыны бар, аң мен құс ату бәрібір жойылып кетпейді. Онда оның да браконьерліктің бір түріне түпкілікті айналуын күтіп, қарап отыруға болмайды.
Берік Көшербай