Қазақстан Босния және Герцоговина құрамасына есе жіберді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан Босния және Герцоговина құрамасына есе жіберді

11.10.2021

Футболдан еліміздің ұлттық құрама командасы келер жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңінде Босния және Герцоговина құрамасынан 0:2 есебімен жеңіліп қалды. Кездесу Астана-Арена стадионында өткен. Ойындағы екі голды да босниялық шабуылшы Смаил Превляк соқты. Сөйтіп, Қазақстан өз тобында әзірге соңғы орында тұр. Келесі ойынды жерлестеріміз ертең Финляндияға қарсы өткізеді. Финдер өткен ойында өз алаңында Украинаға есе жіберді.

Ал 21 жасқа дейінгі жастар арасында 2023-жылғы футболдан Еуропа чемпионатына іріктеу сатысында еліміздің жастар құрамасы Бельгия жастарынан 2-0 есебімен жеңіліп қалды. Әзірге жерлестеріміз өз тобында ұпай алған жоқ. Ертең, жастарымыз Қарағандыда Түркия футболшыларымен кездеседі.

Қайрат Нұрдәулетов, Қазақстан жастар құрамасының аға жаттықтырушысы:

Жіберіп алған голдардың барлығы өзіміздің қателіктеріміз. Жас балалардың қателігі. Бұл ойынды тезірек ұмыту керек деп ойлаймын. Осы ойынды пысықтап, анықтап Түркияға дайындаламыз. Үйде ойнаймыз. Жігіттерді қазір бабына келтіру керек.

Ламбриан Топузидис

Хабарламаларға жазылу