Ақмола облысында жолдың сапасыздығы үшін 168 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның 49-ы жергілікті атқарушы органдардың басшылары, 45-і "ҚазАвтоЖол" компаниясында, 74-і басқа да жол ұйымдарында басшылық қызметте істейтіндер. Облыстық полиция департаменті жол-көлік оқиғаларын алдын алу мақсатында биыл барлығы 2 мыңнан астам тексеріс жүргізіп, құзырлы мекемелерге хат жолдаған. Нәтижесінде полицияның ескертуіне құлақ аспағандар жауапқа тартылды.
Айбек Хасенов, облыстық полиция департаментінің аға инспекторы:
Жолдардағы шұңқырларды жою және белгілерді орнату жөніндегі нұсқамаларды орындамағаны үшін 4 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олар Егіндікөл ауылының әкімі, Қазақавтожол кәсіпорны Ақмола облыстық филиалы директорының орынбасары, Көкшетау мен Щучинск қалаларының тұрғын-үй-коммуналдық шаруашылығы және автомобиль жолдары бөлімдерінің басшылары.
Ермек Елберген
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ақмола облысында сапасыз жол үшін 168 лауазымды тұлға жазаланды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./news/146365/)