Премьер-Министр «Chevron» басшылығымен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Премьер-Министр «Chevron» басшылығымен кездесті

11.10.2021

Премьер-Министр Асқар Мамин «Шеврон» мұнай компаниясының вице-президенті Джеймс Джонсонмен кездесті. Тараптар «Теңізшевройл» компаниясының болашақ жобалары, Қарашығанақ жобасын кеңейту және Каспий құбыр консорциумының қуатын арттыру мәселелерін талқылады. Сондай ақ өндіріс барысында заманауи экологиялық таза технологияларды қолдану мен әлеуметтік жобаларды іске асыру және мұнайшылардың денсаулық сақтау мен еңбек қауіпсіздігін жоғары дәрежеде қамтамасыз ету тақырыбы талқыға түсті. Келіссөз қорытындысы бойынша Энергетика министрлігі мен «Шеврон» компаниясы арасында Қазақстанда 248 млн доллар көлемінде тікелей инвестициялар қорын құру бойынша өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.

Шерхан Жамбылұлы

Хабарламаларға жазылу