Ауғанстанда кедейшілік өршіп барады. Ондаған жылдар бойы соғыстан көз ашпаған елді енді қуаңшылық жайлап, жағдай тіпті ушықты. Оның үстіне экономикалық дағдарыс тереңдей түскен. Осының кесірінен халық бірнеше ай бойы жалақы алмай, базарларда сауда жүрмей, шағын кәсіп иелеріне ауыр салмақ түсіп отыр. Ал, Ауғанстанды тамыздың 15-нен бері басқарып отырған Талибан елді тығырықтан алып шығудың стратегиясын әзірге жариялаған жоқ.
Арай Төлегенқызы