Ресейде бір тәулікте коронавирустан 973 адам қайтыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейде бір тәулікте коронавирустан 973 адам қайтыс болды

12.10.2021

Ресейде соңғы 24 сағатта ресми мәліметтерге сай, 973 адам коронавирустан жантәсілім еткен. Бұл - пандемия басталғалы ең жоғары тәуліктік көрсеткіш. Осыған орай өңірлерде вакциналауға қатысты жаңа шектеулер енгізіліп жатыр. Жалпы, көршілес елде соңғы тәулікте ковидті 28 190 адам жұқтырған. Ал, дүйсенбіде инфекция 29400-ден астам адамнан анықталып, рекорд орнаған еді.

Ал, Румынияда қазанның алғашқы он күнінде алты минут сайын бір адам коронавирустан қайтыс болған. Ресми мәліметке сүйенсек, инфекцияға шалдыққандардың 70 пайыздан астамы, сондай-ақ онымен байланысты өлім-жітімнің 93 пайызы екпе алмағандар арасында тіркеліп отыр. Ауруханалардың жансақтау бөлімінде науқастарды қабылдайтын орын жоқ. Бұған қарамастан, тұрғындардың көбі вакцина алуға қарсы. Рейтердің мәліметінше, румыниялықтардың небәрі 23 пайызы толық иммундалған. 

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу